"Бойымда үш ұлттың қаны бар". Аида Қауменова ел күтпеген құпиясын бөлісті

"Бойымда үш ұлттың қаны бар". Аида Қауменова ел күтпеген құпиясын бөлісті
Фото: instagram.com/aidakaumenova

Танымал дизайнер Аида Қауменова "Жұлдызды шаңырақта" берген сұхбатында балалық шағын еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол алдымен ата-анасы туралы әңгімеледі.

"Әкем мамандығы бойынша экономист. Өте мықты адам, менің мінезім әкеме ұқсаған. Әкем мен анам Алматыда кинотехникумда бірге оқыған, алғашында дос болып араласып жүрген. Бір күні әкем анама "Лариса, сені анаммен таныстыру үшін ауылға апарғым келіп отыр" деп айтқан, анам ол кезде қазақтың ешқандай салт-дәстүрін білмегендіктен, келісіп, ауылға барыпты. Содан ауылдағы үйге кіргеннен туыстар шашу шашып, ақ орамал жапқан. Анам көніп, қалыпты. Анам ұлты басқа болғанымен, қазақ тілінде бізден жақсы сөйлейді", - деді ол.

Дизайнер бойынша үш ұлттың қаны бар екенін мойындады. 

"Кішкентай кезімде бір апам орыс, екіншісі қазақ болатын. Орыс апамның қолына барсам, орысша сөйлеп кететінмін, кейін қазақ апама келсем, үндемей отыратын едім. Содан олар "мына қызды енді ешқайда жібермеу керек, үндемей қалыпты" деп әзілдейтін. Негізі бойымда үш ұлттың қаны бар, яғни беларусь, татар, қазақ", - деді дизайнер. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә