Мәскеудегі теракт: қазақстандықтар үшін жедел желі іске қосылды

Мәскеудегі теракт: қазақстандықтар үшін жедел желі іске қосылды
Фото: www.gov.kz

Ресей астанасы Мәскеудегі терактіге байланысты Қазақстан азаматтары үшін жедел желі іске қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап.

"Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 нөмірі бойынша жедел желі ашылды", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы