Ыстық суға түсудің қаупі ескертілді

Ыстық суға түсудің қаупі ескертілді
Фото: © elements.envato.com

Эндокринолог, медицина ғылымдарының докторы Зухра Павлованың айтуынша, денені, шашты күнделікті ыстық сумен жуудың пайдасы жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 

Павлова адамдарды күнделікті ыстық душқа түсуден бас тартуға шақырды, өйткені ол терінің құрғауына жол бермейтін қорғаныс қабатын жояды. Сонымен қатар, тері себумы D3 витаминін синтездеу үшін қажет екен. Маман денені ыстық сумен, оған қоса түрлі сүлгілермен сүртіп жуу зиян екенін ескертті.

Ыстық су шашқа да зиянын тигізеді, өйткені ол табиғи майларды жуып жібереді, бұл оларды сынғыш етеді. Сондай-ақ, мұндай ыстық терінің тітіркенуі мен қабынуын тудырады, бұл өз кезегінде псориаздың, экземаның және эпидермистің басқа ауруларының өршуіне әкеп соғады.

"Ыстық су - жүрекке қосымша жүктеме. Мұны жүрек-қан тамырлары проблемалары бар адамдар ескеруі керек. Жылы температурада қан тамырлары кеңейеді, бұл жүректің көп жұмыс істеуіне әкеп соғады, қан қысымы өзгеріп отырады. Адамның басы айналуы мүмкін, тіпті есінен танып қалуы мүмкін", - деді маман.

Сондай-ақ, эндокринолог ыстық су ұйқының проблемаларын тудыруы мүмкін екенін айтты. Өйткені жоғары температурадағы су дененің табиғи салқындауына кедергі келтіреді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова