Алматыда Наурыз мейрамына арналған мерекелік керуен жүріп өтті

Алматыда Наурыз мейрамына арналған мерекелік керуен жүріп өтті
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда Наурыз мейрамына арналған керуен жүріп өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыр, бүркітші, ақын және басқа да образдағы адамдар қала тұрғындары мен қонақтарын қуантты. Әжелердің шашуы мен ақындардың өлеңі керуенге ажарын аша түсті.

Арбадағы киіз үй, қыз күймесі, қоржынға жібек мата мен кілем артқан түйелер, сонымен қатар, қазақ халқының жеті қазына нышандары ұлттың мәдениеті мен дәстүрінің тамыры тереңде екенін еске салды.

 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан