Алматыда Наурызға байланысты кейбір бағыттардың қозғалысы өзгертіледі

Алматыда Наурызға байланысты кейбір бағыттардың қозғалысы өзгертіледі
Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда Наурызға байланысты кейбір бағыттардың қозғалысы өзгертіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда Наурыз мейрамының ауқымды түрде тойлау жоспарланған. Негізгі іс-шаралар Астана алаңында 21 және 22 наурызда өтеді. Сонымен қатар, 21 наурызда қала көшелерінде «Көш. Наурыз-думан» мерекелік керуен жүріп өтеді.

Алаңның және бірқатар көшенің жабылуына байланысты Алматы қалалық мобилділік басқармасы қоғамдық көлік маршруттарының қозғалысына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.

Мәселен, 21 наурызда сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін 41-маршруттың сызбасына түзетулер енгізіледі:

№205 - шығыс бағытта - Төле би көшесі-Желтоқсан көшесі-Мақатаев көшесі-Қонаев көшесі-Төле би көшесі-бұдан әрі схема бойынша;
№205 - кері бағытта - Төле би көшесі-Қонаев көшесі-Мақатаев көшесі-Наурызбай батыр көшесі-бұдан әрі схема бойынша;
№206 - шығыс бағытта - Төле би көшесі-Желтоқсан көшесі-Мақатаев көшесі-Қонаев көшесі-Төле би көшесі-бұдан әрі схема бойынша;
№206 - кері бағытта - Төле би көшесі-Қонаев көшесі-Мақатаев көшесі-Наурызбай батыр көшесі-Төле би көшесі-бұдан әрі схема бойынша;
№209 - шығыс бағытта - Төле би көшесі-Желтоқсан көшесі-Мақатаев көшесі-Қонаев көшесі-Төле би көшесі-бұдан әрі схема бойынша;
№209 - кері бағытта - Төле би көшесі-Қонаев көшесі-Мақатаев көшесі-Наурызбай батыр көшесі-Төле би көшесі-бұдан әрі схема бойынша;
№ 210 - шығыс бағытта - Төле би көшесі-Желтоқсан көшесі-Мақатаев көшесі-Қонаев көшесі-Төле би көшесі-бұдан әрі схема бойынша;
№210 - кері бағытта - Төле би көшесі-Қонаев көшесі-Мақатаев көшесі-Наурызбай батыр көшесі-Төле би көшесі-бұдан әрі схема бойынша;
№ 224-шығыс бағытта - Төле би көшесі-Желтоқсан көшесі-Мақатаев көшесі-Қонаев көшесі-Төле би көшесі-бұдан әрі схема бойынша;
№ 224 - кері бағытта - Төле би көшесі-Қонаев көшесі-Мақатаев көшесі-Наурызбай батыр көшесі-Төле би көшесі-бұдан әрі схема бойынша;
№ 29р - солтүстік бағытта - Достық даңғылы-Сәтпаев көшесі-Желтоқсан көшесі-Мақатаев көшесі-Қайырбеков көшесі-Жібек Жолы көшесі-бұдан әрі схема бойынша;
№29р кері бағытта-Қалдаяқов көшесі-Гоголь көшесі - Назарбаев даңғылы-Мақатаев көшесі-Наурызбай батыр көшесі-Сәтпаев көшесі-Достық даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;
5А - солтүстік бағытта-Достық даңғылы-Сәтбаев көшесі-Желтоқсан көшесі-бұдан әрі схема бойынша;
5А - кері бағытта - Жібек Жолы көшесі-Қонаев көшесі-Мақатаев көшесі-Наурызбай батыр көшесі-Сәтпаев көшесі-Достық даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;
5Б - солтүстік бағытта-Достық даңғылы-Сәтпаев көшесі-Желтоқсан көшесі-бұдан әрі схема бойынша;
5Б - кері бағытта - Жібек Жолы көшесі-Қонаев көшесі-Мақатаев көшесі-Наурызбай батыр көшесі-Сәтпаев көшесі-Достық даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина