Маман ақуызға бай өнімдерді атады

Маман ақуызға бай өнімдерді атады
Фото: depositphotos.com

Салауатты ас мәзірі ең алдымен денсаулыққа пайдалы. Мәзірде жеткілікті мөлшерде ақуыз болмаса, бүкіл ағза зардап шегеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Ағзаға ақуыз көзі ретінде үнемі ет қажет. Бұлшықеттер, тамырлар, ішкі ағзалардың тіндері, қан жасушалары, антиденелер, ферменттер мен гормондар дәл осы макронутриенттен тұрады.

Ақуыздарды өндіру үшін денеге аминқышқылдары қажет. Маңызды сегіз аминқышқылы бар: лейцин, валин, изолейцин, лизин, фенилаланин, треонин, метионин және триптофан. Бұл аминқышқылдарын тек тағамнан алуға болады. 

Еттен бөлек қай тағамдарда ақуыз болады?

  • Бұршақ, соя, ноқат, жасымық немесе маш бұршақтары. Барлық бұршақ дақылы өсімдік ақуызына бай, ол денеге өте жақсы сіңеді, яғни 80 пайыз.
  • Дәнді дақылдарда табиғи ақуыздар өте көп. Сондықтан, ет жемесеңіз, сұлы, бидай, күріш, жүгері, арпаға басымдық берген жөн. Сонымен қатар, дәнді дақылдар көмірсуларға бай, олар организм үшін энергия көзі саналады. Олардың құрамында жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет В дәрумендері бар. Алайда дәнді дақылдарда глютен бар, бұл кейбір адамдарда аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.
  • Соя бұршақтары - өсімдік тағамдарының ішіндегі ақуызы ең көбі. 100 грамм сояда 50 граммға дейін ақуыз болады, бұл етке қарағанда көбірек.
  • Саңырауқұлақтар. Мысалы, шампиньондарда 18 аминқышқылы бар. Кептірілген саңырауқұлақтарда да ең көп ақуыз болады. Алайда олар жаңа піскендерге қарағанда нашар қорытылады. Кейбір адамдар саңырауқұлақтардан мүлдем бас тартқан дұрыс.
  • Жаңғақтар жеткілікті мөлшерде калорияға бай және құрамында көптеген пайдалы май бар. Оларда ақуыздан басқа көптеген дәрумен мен минерал да бар: калий, магний, кальций, фосфор, темір, селен, марганец, молибден, никель, кобальт, В1, В2, РР, Е дәрумендері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова