Күнде сүзбе жесе, ағзада не болады?

Күнде сүзбе жесе, ағзада не болады?
Фото: pixabay.com

Ақуызға бай сүзбені көбінесе салауатты өмір салтын ұстанатындар тұтынады. Сарапшылар бұл өнімді күнделікті жесе, ағзада қандай өзгеріс болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сүзбе кальцийге бай - сүйек саулығы, бұлшықеттің жиырылуы және қанның ұюы үшін маңызды минерал. Сондай-ақ оның құрамында энергия алмасуы, тері күйі және жүйке жүйесінің қызметі үшін қажет В12, В2 (рибофлавин) және В5 (пантотен қышқылы) сияқты әртүрлі дәрумендер бар.

Сонымен қатар, сүт өнімінде ас қорыту жүйесінің саулығына ықпал ететін пробиотиктер бар. Оның құрамында ақуыз көп, бұл бұлшықет массасын қалыптастыруға көмектеседі және ұзақ уақыт қанықтыруға мүмкіндік береді, ал май мөлшері аз.

Денсаулыққа пайдасы көп болғанымен, сүзбені көп мөлшерде жеуге болмайды. Мысалы, лактозаға төзбеушілігі бар адамдардың асқазаны сүзбені қорыта алмауы мүмкін. Оны жиі тұтыну іш кебу, ауыру және диарея секілді ас қорыту мәселелерін тудырады.

Айта кетейік, бұған дейін таңғы асқа сүзбені немен жеуге болатыны хабарланған болатын. 

  • Жеміс-жидектер;
  • Кепкен жемісте;
  • Жаңғақтар;
  • Көкөністер.

Тағы да оқи отырыңыздар: Наурыз көже қалай жасалады? Наурыз көже рецепті

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә