- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жеңіс Ысқақова көпшілікке...
Жеңіс Ысқақова көпшілікке жұбайын көрсетті
Танымал әнші Жеңіс Ысқақова әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайымен түскен видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қадірлі оқырмандар! Рақым айы - Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болғай! Әумин!" - деп жазды өнер иесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары әншінің отбасына жақсы тілектерін жазған.
"Үлгі тұтуға тұрарлық әдемі жұп. Екеуі бір-біріңе келісімді жұп", "Жеңіс сіңілім, Қасиетті Рамазан айында тілеген дұға-тілектерің, ұстаған оразаң қабыл балсын. Жұптарың жазылмасын, бақытты болыңдар", "Күйеуі жас көрінеді", - дейді олар.
Айта кетейік, бұған дейін Жеңіс Ысқақова жолдасына үйленуге ұсынысты қалай жасағанын айтқан еді.
Бұл туралы әнші ХабарLike бағдарламасына берген сұхбатында әңгімеледі.
"Ол жауыр болған әңгіме. Оны айтып жүргеніме 32 жыл болды. Өзім қолынан жетектеп АХАЖ бөліміне апарғанмын. Біздің заманымызда мәһр болған жоқ. Екеуіміз қосылып, бір жатақхана алғанымызға қуандық. Қосылған кезде екі шабадан болды, сөйтіп ақырындап кесе-шәйнек алып, адам болдық. Жолдасым өте салмақты, сөзге сараң жігіт. "Жақсы көремін" деп те айтпайды. Қашан айтады деп жүргеніме 32 жыл болды", - дейді әнші.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова