Түркістан облысында жоғалған 5 жасар бала өлі табылды

Түркістан облысында жоғалған 5 жасар бала өлі табылды
Фото: pixabay.com

Түркістан облысында 5 жасар бала каналға батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Баланың денесін іздеу тобы 17 наурызда сағат 16:40-та үйден 2 шақырым қашықта тапты.

16 наурызда Түркістан облысының Біртілек ауылында 2019 жылы туған бала сағат 15:00-де үйден шығып, қайта оралмағаны туралы ақпарат түскен.

Куәгердің айтуынша, суару каналынан аяқкиім табылды. Іздеу жұмыстарына 93 адам және ТЖД 4 техникасы, полиция жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова