- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ауызашардан кейін темекі...
Ауызашардан кейін темекі шегуге бола ма? Имам жауап берді
Ауызашардан кейін бірден темекі шегуге бола ма? Бұл сұраққа Нұрлан имам әлеуметтік желідегі тікелей эфирінде жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Имамның жауабы Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды.
"Негізі шекпеген дұрыс қой. Бірақ, егер ол адам 10-15 жыл бойы темекі шегетін болса, ораза кезінде оны тастау қиын болады. Сондықтан оған уақыт беру керек. Бәріміз ол адамға бұл арам деп айтатын болсақ, ол темекі тастай алмайтынын айтып, ораза ұстаудан бас тартады. Одан да оны қолдайық, бәріміз теңбіз ғой. Неге біз бір-бірімізді төмендетеміз? Неге кейбір адамдар намаз оқып бастаған кезде адамдарды екіге бөліп бастайды? Мен бұлай жасай алмаймын. Ұлтымыз бір, әр қазағым - жалғызым, мен оларды бөлмеймін, намаз оқыса да оқымаса да, тіпті ішімдікке салынған болса да, ол менің бауырым. Осы себепті бәріңізден адамдарды бөлмеуді сұраймын. Қоғам жұмыста да, көшеде де, мешітте де бөлінеді. Бөлінгеннен гөрі, бәріміз жиналып, бір болуға тырысайық", - деп жауап берді имам.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін Ораза-2024. Сәресін ерте ішіп қою қаншалық дұрыс екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: 22 наурызға тілектер
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә