Түркістан облысында заң бұзған 487 шетелдік анықталды

Түркістан облысында заң бұзған 487 шетелдік анықталды

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 487 тұлғаны анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасын барысында көші-қон заңнамасын бұзған 487 тұлғаны анықтады. Оның ішінде 342-сі шетелдік, 145-сі еліміздің тұрғындары.

Мәселен, шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен ҚР-ның 126 азаматы мен шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 19 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Ал, сот шешімімен 23 шетелдік елден шығарылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина