Түркістан облысында үш баланы тоқ соғып, қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады

Түркістан облысында үш баланы тоқ соғып, қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады
Фото: pixabay.com

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті телефон қуаттағышынан тоқ ұрып, қайтыс болған үш бала туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елімізде кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Түркістан облысында тоқ соғып, қайтыс болған үш бала туралы ақпарат тарады. Олар қуатталып тұрған телефонды ұстаған екен. Қазнетте тараған аудио хабарламаға сурет те тіркелген.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарлауынша, бұл –  фейк.

"Бірқатар Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Түркістан облысында телефон қуаттығышнан тоқ ұрып, үш баланың қаза тапқаны туралы жалған ақпарат таратылды. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Болған оқыс оқиғаның Қазақстан Республикасының аумағына қатысы жоқ. Дүрбелең мен түсінбеушілік тудыруы мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін ресми ақпарат көздерін ұстанып, тексерілмеген ақпаратты таратудан аулақ болуды сұраймыз", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан