- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Анау талға соғылған"....
"Анау талға соғылған". Серікзат Дүйсенғазы қайғылы оқиға болған жерді көрсетті
Ақын Серікзат Дүйсенғазы әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы мерт болған жерді көрсетіп, әлі күнге дейін сот отырысы өтіп жатқанын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін соттың оннан аса отырысы өткен.
"Соның бір отырысы Елікте паркте жасайын деп жатырмыз. Әлиханымның соңғы көрген жері. Осы жерде көшпелі сот отырысы өтеді. Ардақты ағайын, Әлиханымның соңғы демі үзілген жер. Анау талға соғылған ғой. Айналайын-ай десейші", - деді ол.
Әлеуметтік желіден
Оның сөзінше, келесі тарап кінәсін мойындамай отыр.
"Елікті деген осы міне. Ешқайсын әлі жаппаған, ашық тұр бәрі. Мойындамайды, Шымбұлақта да, басқа жерде де солай дейді. Соттың алдында да жаңа дауласып қалдық. Бізде заң да, иман да - бәрі өте әлсіз екен. Соны байқап отырмын. Бұл жігіттерде әлі иман жоқ. Адам өліп жатса да, орманды қоршауға болмайды деп дау шығарып отыр", - дейді ақын.
Еске салайық, бұған дейін де Ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлының қазасына қатысты тергеу деректерін жариялады.
Ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы мерт болған курортқа қатысты іс қалай жүріп жатыр?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz