- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда 11 балдық...
Алматыда 11 балдық кептеліс пайда болды
Фото:
Колеса.kz
Алматыда қардың кесірінен үлкен кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Auto-ға сілтеме жасап.
Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Яндекс.Кептеліс жағдайды 10 балдық шкала бойынша бағалап тұр, жолдарда 11 балдық кептеліс бар.
Картаға көз салсақ, қаланың барлық орталық көшесінде көлік қозғалысы "тоқтап тұр".
Кептелістердің көпшілігі мына жерлерде болып жатыр:
- әл-Фараби даңғылының шығыс бағытында;
- Сейфуллин даңғылының солтүстік бағытында;
- Абай даңғылының батыс және шығыс бағытында;
- Жандосов көшесінің батыс бағытында;
- Рысқұлов даңғылының батыс бағытында;
- Райымбек даңғылының батыс бағытында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан