- Негізгі бет
- LifeStyle
- Сары май денсаулыққа...
Сары май денсаулыққа пайдалы болуы үшін күніне қанша мөлшер жеу керек?
Сары май құрамында көмірсулар жоқ, бірақ ол май қышқылдарына және кальций, магний, натрий, калий, фосфор, сондай-ақ A, E, B2, B6, PP және D дәрумендері секілді ағзаға қажетті басқа элементтерге бай. Бұған қарамастан, сарапшы Ирина Воронцова тепе-теңдікті сақтап, сары майды белгілі бір мөлшерде тұтыну маңызды екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Pravda.Ru" сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қаныққан майдың күнделікті мөлшері диетадағы калорияның 10 пайызын алуы керек, ол тәулігіне 15-25 грамм сары май.
Ирина Воронцованың айтуынша, егер ағза басқа тағамнан қаныққан май алмаса, күніне сары майдың 15-25 граммын жегеннен денсаулыққа қауіп төнбейді.
"Егер адамда қаныққан майдың басқа көздері болмаса, бұл доза қауіпсіз болады, бірақ қарапайым 2 шұжықтың өзінде қаныққан майдың 10 пайызы бар. Сондықтан, абай болу керек", - деді ол.
Сонымен қатар, сары майды холестерині жоғары, жүрек-қан тамырлары аурулары және атеросклерозы бар адамдар жеуден аулақ болғаны дұрыс. Сондай-ақ, сары майды холелитиаз және панкреатитпен ауыратындар тұтынбауы керек.
Айта кетейік, бұған дейін нутрициолог сары майдың пайдалы қасиеттерін атағаны хабарланған болатын.
- Шаш пен тері саулығы;
- Тамырлардың саулығы;
- Асқазан саулығы;
- Қосымша энергия көзі;
- Ұйқы сапасын жақсартады;
- Еңбек қаілеттілігін арттырады.
Тағы да оқи отырыңыздар: CDE үшбұрышында М нүктесі СЕ қабырғасында жатыр. Ал DM екенін дәлелдеңіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә