"Әділетті Қазақстан қашан орнайды?" ІІМ мен Бас прокуратура үнсіз қалды

"Әділетті Қазақстан қашан орнайды?" ІІМ мен Бас прокуратура үнсіз қалды
Фото: Әлеуметтік желіден

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов елімізде Ішкі істер министрлігі кез келген адамды ұстай алатынын айтып, өзекті сұрақ қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл мәселені айтататын басқа жерім жоқ. Сондықтан айтуға мәжбүрмін. Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Жоғарғы соттың өкілдеріне. Президенттің "Әділетті Қазақстан" деген халыққа үміт берген бір сөзі бар. Қазір Қазақстанда кез келген адамды көшеден алып кетіп, қамай алатын Ішкі істер министрлігі бар. Оған жоқ жерден айып тағатын прокуратура бар. Оған шешім шығара салатын сот бар. Осыған байланысты сұрақ. Әділетті Қазақстан орнатуды қашан орнатайын деп отырсыздар", - деді Ринат Зайытов Мәжілістің жалпы отырысында.

Сұраққа тек әділет министрі Азамат Есқараев жауап берді.

"Мемлекеттік органдармен қайта пысықтап, сіздің сұрағыңызға жауап берейік. Сұрағыңыз орынды", - деді ведомство басшысы.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мен бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев үнсіз қалды.

Аяз Есен 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz