Атырау облысында 5 млн теңгеге жуық айыппұлы бар екі жүргізуші анықталды

Атырау облысында 5 млн теңгеге жуық айыппұлы бар екі жүргізуші анықталды
Фото: Tengrinews.kz

Атырау облысында айыппұлын төлемей жүрген 50-ге жуық жүргізуші анықталды. Оның ішінде 5 млн теңгеге жуық айыппұлы бар екі жүргізушінің автокөлігі арнайы тұраққа қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке сот орындаушыларымен бірлескен рейд жүргізілген.

"Бірлескен рейдтің мақсаты – жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру. Рейд кезінде әр түрлі сомадағы айыппұлын төлемей жүрген 50-ге жуық жүргізуші анықталды. Мәселен, Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі 3 млн 209 мың 394 теңге айыппұлын әлі төлемеген. Ал, Lada–21903 автокөлігінің иесіне 1 млн 792 мың 167 теңге айыппұл салынған. Екі жүргізушіге қомақты айыппұлын төлеу қажеттігі ескертілді. Олардың көліктері арнайы тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы