Аша Матайдың туған інісі Айдар Асқарбек бұрынғы әйелімен көзге түсті

Аша Матайдың туған інісі Айдар Асқарбек бұрынғы әйелімен көзге түсті

Атышулы Баян Мақсатқызының "Qween" шоуында Аша Матайдың туған інісі Айдар Асқарбек бұрынғы әйелі Жарқынай Ханайымға бір шоқ гүл сыйлап, елді таң қалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көпшілік оларды қайта қосылған деп болжады. Бұл туралы Жарқынай Ханайымның өзі де желідегі парақшасында жариялады. 

Ол онда: "Сіздерге ең ұнаған сәт" деген қысқа ғана жазба қалдырған. Десе де, көпшілік оларды қайта табысты деп топшылаған.

Олар: "Қызының анасын құрметтейтінінің белгісі", "Халқым осы Оразада Айдар мен Жарқынай қайта қосылып кетсін деп тілейік", "Баянның киносы ажыратты, енді мюзиклы қоссын" деп жазды. 

Сонымен қатар, Жарқынай Ханайымның өзі де оқырмандардың: "Құлағыңызға не деді?" деген сауалына "Тек қана сені сүйемін деді" деген жауап қалдырған. 

Айта кетейік, жұлдызды жұп бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен еді. Қазір олардың ортақ қыздары бар. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина