- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бишімбаев ісі бойынша...
Бишімбаев ісі бойынша басты сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Бишімбаев ісі бойынша басты сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы 2024 жылғы 27 наурыз сағат 10:00-ге белгіленді.
Сот отырысы ашық өтеді.
Бұл туралы Астанада бүгін, 12 наурызда өтіп жатқан соттың алдын ала тыңдауында белгілі болды.
Оған дейін Қуандық Бишімбаев қамауда болады.
Сот Бишімбаевтың өтініші бойынша алқабилердің қатысуымен өтеді.
"Сот сотталушы Бишімбаевтың істі алқабилер сотында қарау туралы өтінішін қанағаттандыру қажет деп есептейді", - деді судья Айжан Құлбаева.
Сот Қуандық Бишімбаевтың ісін прокурорға қайтарудан бас тартты.
Сот сонымен бірге Бишімбаев тарапының істі "Абайсызда кісі өлтіру" бабына ауыстыру туралы да өтінішін де мақұлдамады.
Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы ұрып-соғуы туралы видеоны алып тастау, тергеу экспериментін жүргізу, Нүкенованың әкесіне және басқа да бірқатар адамға психиатриялық сараптама тағайындау туралы өтінішті де қанағаттандырмады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан