- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавлда 7 шетелдік...
Петропавлда 7 шетелдік қоқыс төгетін жерде заңсыз жұмыс істеген
Петропавлда 7 шетелдік қоқыс төгетін жерде заңсыз жұмыс істеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзғандардың жолын кесуге бағытталған "Мигрант" арнайы операциясын жүргізіп жатыр.
Көші-қон қызметі қызметкерлерінен бөлек оған учаскелік полиция қызметкерлері, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, жедел уәкілдер жұмылдырылған. Базарларда, құрылыстарда, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында және шетелдіктердің заңсыз еңбегі жиі қолданылатын басқа жерлерде де тексерістер жүргізіліп жатыр.
Петропавл маңындағы қоқыс үйіндісінде Тәжікстанның жұмысқа тұруға рұқсаты жоқ 7 азаматы анықталды. Олар қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаушы болып жұмыс істеген. Олардың айтуынша, рұқсатты кейінірек рәсімдемек болған. Жиналған материалдар әкімшілік сотқа берілді. Құқықбұзушыларға айыппұл салынады.
СҚО-да арнайы операцияның бірінші күні көші-қон заңнамасы бұзылған 23 жағдай анықталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова