- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жақсы көремін" деп...
"Жақсы көремін" деп те айтпайды". Әнші Жеңіс Ысқақова жолдасына үйленуге ұсынысты өзі жасаған
Фото:
instagram
Әнші Жеңіс Ысқақова жолдасына үйленуге ұсынысты қалай жасағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші ХабарLike бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Ол жауыр болған әңгіме. Оны айтып жүргеніме 32 жыл болды. Өзім қолынан жетектеп АХАЖ бөліміне апарғанмын. Біздің заманымызда мәһр болған жоқ. Екеуіміз қосылып, бір жатақхана алғанымызға қуандық. Қосылған кезде екі шабадан болды, сөйтіп ақырындап кесе-шәйнек алып, адам болдық.
Жолдасым өте салмақты, сөзге сараң жігіт. "Жақсы көремін" деп те айтпайды. Қашан айтады деп жүргеніме 32 жыл болды", - дейді әнші.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz