Бишімбаев ісі: сот отырысында не айтылды?

Бишімбаев ісі: сот отырысында не айтылды?
Фото: Tengrinews.kz

Елордада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстік 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы және 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында қылмыс жасады деген ауыр айып тағылып отыр.

Мемлекеттік айыптаушы Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова заңды неке болмағанын, азаматтық некеде тұрғанын жеткізді.

"2022 жылғы тамызда Астанада Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы ұнатып қалып, соңынан қалмай кездесуге шақырған. Салтанат Нүкеваоны бірнеше рет кездесуден бас тартса да, Қуандық Бишімбаев қамқорлық көрсетуді тоқтатпаған. Өзін оң жағынан көрсеткен. 2022 жылғы 16 желтоқсанда Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға үйленген. Бірақ неке заңды түрде тіркелмеген. Олар азаматтық некеде болған", - деді ол.

Сондай-ақ, Қуандық Бишімбаев Нүкеноваға туыстары, достарымен араласуға шектеу қойған. Сондай-ақ, ол Салтанатты қаржылық жағынан өзіне тәуелді еткен.

2023 жылғы наурызда Қуандық Бишімбаев қызғаныштан Нүкенованы ұрып-соққан. 2023 жылғы 25 наурызында Нүкенова дене жарақатының фотосын түсіріп, ағасына жолдаған. Алайда ешқандай әрекет қабылдамауын сұраған. Содан кейін ағасы Нүкеновадан ажырасуды сұраған. Алайда ол жағдай реттеліп кетеді деп, ажырасудан бас тартқан.

Қуандық Бишімбаев ұрып-соққаны көрсетілген фото Нүкенованың туыстарында бар екенін біліп, оны жалаңаш түрде фотоға түсіруге итермелеген. Салтанат Нүкенова оған келісім беріп, жалаңаш түрде фотоға түсіруге мәжбүр болған.

Нүкенова Бишімбаевтан бірнеше рет кетуге тырысқан, алайда Қуандық Бишімбаев кешірім сұрап татуласқан.

2023 жылы Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев елордада ресейлік әнші Дима Биланның концертіне барған. Алайда концерт аяқталмастан ол жерден шығып, Bau мейрамханасына барған.

Екеуі шарапқа тапсырыс беріп, 4 бөтелке шарап ішкен. Осы кезде Салтанат Нүкенова қарым-қатынасты тоқтатқысы келетінін айтқан. Олар бастапқыда мейрамханадан шыққысы келген, алайда шыға алмаған. Содан кейін мейрамхананың VIP-залына барған. Екеуінің арасындағы жанжал әрі қарай жалғасқан.

Қуандық Бишімбаев жанжал барысында өзінің ақшасына сатып алынған заттар туралы айтқан. Содан кейін Нүкенова ішкиім және әшекейден басқасын шешіп тастаған.

Кейін ол Салтанатты бірнеше рет ұрып-соққан. Салдарынан Нүкенова еденге құлаған. Бишімбаев қылмыстық әрекетін әрі қарай жалғастырып, бөксесіне, денесіне жарақат салған. Содан кейін шашынан сүйреп, VIP-залға әкелген.

Нүкенова зал есінін ішінен іліп алған. Бишімбаев бұған да ашуланып, есікті алдымен қолымен, содан кейін металмен бұза бастаған. Ішке кірген соң Нүкенованы қайта соққыға жыға бастаған, оның есін жоғалтқанына көзі жеткен кезде әрекетін тоқтатқан. Нүкенова алған жарақатынан сол кезде қайтыс болған.

Қуандық Бишімбаев өзінің туысы Байжановты шақырып, мейрамхана қызметкерлерін таратуды тапсырған. Марқұмның телефонын беріп, бірнеше мекенжайға, оның ішінде "Қазақстан" концерт залы, фитнес орталыққа апаруды тапсырған.

Айта кетейік, экс-министрге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.

Еске салайық, былтыр 9 қарашада Қуандық Бишімбаев ұсталғаны хабарланды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.

Ал 11 қарашада бұрынғы министр қамауға алынды. Бұл іс бойынша бүгінгі алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы сұмдық жайттарды айтқан еді. 

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz