- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Порнографияға түскен жоқсың...
"Порнографияға түскен жоқсың ба деп сұраған". Бишімбаев ісіне қатысты жантүршігер жайт айтылды
Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр. Сөз сөйлеу барысында прокурор сұмдық мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова арасындағы неке ресми түрде тіркелмеген. Айыптаушы тарап Бишімбаев марқұмның телефон қоңырауларын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салып, оны толығымен қаржылық жағынан тәуелді етті деп санайды. Прокурордың айтуынша, ол қызғаныштан жүйелі түрде физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен.
"Бишімбаев қызғаныштан Нүкеноваға порнография көрсетіп, сол жерде түскен жоқсың ба деп сұраған", - деді прокурор.
Прокурордың сөзінше, 2023 жылы наурыздың ортасында Астанада Бишімбаев Нүкенованы ұрған. Салтанат Нүкенова ағасына шағымданған. Ол оны Бишімбаевпен ажырасуға көндірген, бірақ ол бас тартқан.
2023 жылы жазда Бишімбаев Нүкеноваға Алматыға көшуді ұсынған.. Ол зорлық-зомбылық тоқтайды деген үмітпен келісіпті.
"Алайда Бишімбаев оған физикалық зорлық-зомбылық көрсетуді жалғастырды", - деді мемлекеттік айыптаушы.
Айта кетейік, экс-министрге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.
Еске салайық, былтыр 9 қарашада Қуандық Бишімбаев ұсталғаны хабарланды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.
Ал 11 қарашада бұрынғы министр қамауға алынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова