Таразда "Омар ата" базарынан шыққан өрттің себебі анықталды

Таразда "Омар ата" базарынан шыққан өрттің себебі анықталды
Фото: ТЖМ

Таразда "Омар ата" базарынан өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап. 

Таразда Мәмбет батыр көшесінің бойында "Омар ата" базарының аумағында 350 шаршы метр алаңда қойма үй-жайынансағат 10:05-те өрт шықты.

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамның 40-қа жуық адамы және техникасының 13 бірлігі жұмылдырылды.

ТЖД қызметкерлерінің мәліметінше, өрт 2 сағаттан кейін сөндірілді. 

"12:46-да өрт сөндірілді. Өрттің ауданы - 350 шаршы метр. Өрттің алдын-ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - делінген жауапта. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек