7 жасар қыздың өлімі: прокурор өгей анасын 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

7 жасар қыздың өлімі:  прокурор өгей анасын 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы прокуратурасы 7 жасар Карина Закураеваны өлтірді деп айыпталған өгей ананы 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

7 жасар қыздың өліміне қатысты іс бойынша тараптар арасындағы пікірталас кезінде прокурор күдікке ілінген әкесінің серіктесі, қоғам қайраткері Балжан Тұрлыбекке 99-баптың 3-бөлімі "Адам өлтіру" бойынша жазалауды сұрады. 

"Жауапты жеңілдететін мән-жайлар анықталмады. Кінәсін ауырлататын мән-жайлар да анықталған жоқ. Мүлікті тәркілеуге негіз жоқ. Қылмыстың ауырлығын аса ауыр санат ретінде ескере отырып, жаза тағайындауды сұраймыз. Айыптаушы тарап бап бойынша жаза тағайындауды орынды деп санайды және соттан қылмыстық кодекстің 99-бабы, 3-бөлігі бойынша сотталушыны кінәлі деп тануды және орташа қауіпсіздік мекемесінде 20 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрайды. Қамауда ұстау уақытын есепке алу, сондай-ақ, сотталушыдан іс жүргізу шығындарын және Жәбірленушілерге өтемақы қорына 30 АЕК мөлшерінде төлемді өндіріп алу керек", - деді прокурор сот отырысында.

Өз кезегінде жәбірленушілердің, қаза тапқан қыздың туыстарының адвокаттары өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны және сотталушыдан қыздың әжесінің пайдасына 20 миллион теңге моральдық залал өндіруді сұрады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы