- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейдегі су тасқыны:...
Семейдегі су тасқыны: Төтенше жағдай министрлігі қаладағы жағдай туралы айтты
Төтенше жағдайлар министрлігі Семей қаласындағы көшелердің еріген қарды сору жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Министрлік жергілікті билік "Теплокомэнерго" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен бірлесіп, Щорса, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный кенттері мен Подгорная көшелерінің бойында, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су сору жұмыстарын жүргізгенін хабарлады. Бөлім қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинского көшелерінің бойындағы аула аумақтарынан су сору жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, арық жүйесін тазартуға Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты 68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қазір қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су шығарылды. Жұмысқа барлығы 60-тан астам жеке құрам мен жергілікті атқарушы органдардан, төтенше жағдайлар бөлімшелерінен 20-дан астам техника жұмылдырылған.
Басқарма суды сору бойынша жұмыстарды аяқтағанын хабарлады. Жергілікті билік пен Төтенше жағдайлар департаменті қала көшелеріндегі жағдайды бақылауда.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы