"Қазақстандағы ең ұзын ағаш бар". Айқын Төлепберген зәулім үйін көрсетті

Жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали 1,5 жыл салған зәулім үйлерін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айқынның сөзінше, үйдің жалпы аумағы - 10 сотық. Ал үйдің іші 340 шаршы метр. Сонымен қатар, әнші өзі тұратын үйін дизайнердің көмегінсіз, сейсмикалық жағдайға төзімді етіп салынған екен. 

Сондай-ақ әнші үйіндегі орналасқан ерекше ағашты көрсетті. Оның сөзінше, бұл үйге қоюға арналған Қазақстандағы ең ұзын ағаш көрінеді. 

Сондай-ақ әнші үйінің үшінші қабатында терраса жасаған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина