Ақша сізді бақытты ете ала ма? Психолог түсіндірді

Ақша сізді бақытты ете ала ма? Психолог түсіндірді
Фото: ru.freepik.com

Расында тамақ немесе өзіңізге қажет затты сатып алу үшін қалтаңызда ақша болмаса, көңілді жүру қиын. Алайда егер толыққанды өмір сүру үшін және ішкі тепе-теңдікті сақтау үшін сізге тек ақша жетпейді деп ойласаңыз, қателесуіңіз мүмкін. "Махаббат пен достықты ақшаға сатып ала алмайсың" деген кең тараған пікірдің бұған қатысы жоқ. Психолог Михаил Лабковский өзінің телеграм-каналында осы тақырып жайлы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өкінішке қарай, тек ақша сіздің психологиялық проблемаларыңызды шеше алмайды. Иә, қаржы жан-дүниеңіздің тепе-теңдігіне апарар жолда бағалы құрал болатыны рас: онымен өзіңізді қорғалған сезінесіз, ол ем алуға және сапалы демалуға мүмкіндік береді. Алайда ақшаның бар болуы сізді қуаныштырақ етпейді.

Оған қоса, егер жақсы ақша тауып бастасаңыз, сіздегі мазасыздық міндетті түрде кетеді деп ойласаңыз, жағдайдың қандай сома тапсаңыз да өзгермеу қаупі бар. Егер үнемі жұмыстан шығып қалудан қорықсаңыз, ақшасыз қалудан қорықсаңыз, проблема жұмыста емес, сіздің психологиялық жағдайыңызда болуы мүмкін.

Сіз жұмыс орныңызды ауыстыруыңыз мүмкін, бірақ бұрынғы қорқыныштарыңыз қалады. Бұл жағдайда бар күшіңізді көп ақша табуға емесе, менталды саулығыңызды жақсартуға жұмсау керек. Бұл реніштеріңізге, сенімсіздігіңізге және психологиялық зақымдарыңызға көңіл бөлетін уақыт келгенін көрсетуі мүмкін. Кей жағдайларда мазасыздықты басуға нақты жоспар көмектеседі. Қандай да бір сценарий кезінде өзіңізді қалай ұстайтыныңызды ойланыңыз. Үрейде әрқашан белгісіздік элементі бар: бізді не күтіп тұрғанын және қалай әсер беру керегін білмегенде қорқамыз.

Егер өміріңізде қорқынышты бірдеңе болуы мүмкін болса, әрекетіңізді алдын ала жоспарлап қойып көріңіз. Мысалы, егер жұмыста қысқарту болып, шығып қалудан қорықсаңыз, жұмыстан айырылған кезде не істейтініңізді ойластырып қойыңыз. Егер ол шынымен де солай болса, сіз дайын боласыз және қиын кезеңді оңайырақ өткересіз.

"Бастысы, мынаны біліңіз: бір рет ақша таба алған адам оны қайтадан таба алады. Сондықтан өзіңізді жұмысқа қатысты ойлармен мазалаудың қажеті жоқ", - дейді психолог Михаил Лабковский.

А. Жапатова