Ақтауда жолдың ортасында көлік өртеніп кетті

Ақтауда жолдың ортасында көлік өртеніп кетті
Фото: видеодан алынған кадр

Ақтауда көлік өртеніп кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтаудағы индустриялық аймақ маңындағы жолдардың бірінде Volkswagen Golf көлігі өртеніп кетті. Оқиға бүгін, 8 наурызда шамамен сағат 13:50-де болған.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің алты қызметкері барды.

Өрт сөндірілді. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 112 - Ақтау - Актау (@112_aktau)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан