- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Гүлшара Әбдіқалықованы "ханның...
Гүлшара Әбдіқалықованы "ханның қызы" деген тұрғын ұсталған
Гүлшара Әбдіқалықованы "ханның қызы" деген тұрғын ұсталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл дерекке қатысты әлеуметтік желіде сурет тарады.
Қалалық Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша Қызылорда облысының Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзгеде ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, соңғы деректер бойынша, Гүлшара Әбдіқалықова 2022 жылдың 6 маусымынан бастап "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ адам ресурстарын басқару жөніндегі бизнес-серіктесі қызметіне кіріскен.
Еске салайық, осыдан шамамен 4 жыл бұрын Қызылорда облысының әкімі болған Гүлшара Әбдіхалықова Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барған болатын. Сол кезде полицейлер әкім келеді деп жолды жауып, басқа көліктерді жүргізбей қойған. Бұл жағдайға ашуланған қызылордалық тұрғын аудан аралап жүрген өңір басшысына барып "Жолды жабатын ханның қызысыз ба?" деп шүйліккен. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина