"Біреуіне үш қолтырауын терісі кетеді". Ерке Есмахан 12 миллион теңге тұратын сөмкесін көрсетті

"Біреуіне үш қолтырауын терісі кетеді". Ерке Есмахан 12 миллион теңге тұратын сөмкесін көрсетті
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында 12 миллион теңге тұратын сөмкесін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, бұл сөмке үшін үш қолтырауын терісі кетеді екен. Ол қолтырауынды арнайы фермада ұстап, қинап терісін алатын көрінеді. 

Сөмке арнайы тапсырыспен дайындалады, ал әнші сөмкені 2 ай күткен. Бағасы - шамамен 12 миллион теңге. 

"Қыздар, мен осыдан 10 жыл бұрын өзім үлкен табыс тауып бастағанда, дәл осындай сөмке ұстаймын деп ойламағанмын. Ауылдан шықтым, Ақтөбеде тұрып, Алматыға келіп, керемет ортаны көріп, көп нәрсені көре бастадым. Стильді түсіндім. Бала күнімнен сәнге, талғаммен киінуге жақынмын. Аңыз сөмкені соңғы жылдары қатты армандадым. Міне, Алла арманымды күйеуім арқылы орындады.

Әрине, өмірде ең маңыздысы модамен киіну емес, бренд көмке жинау емес. Бастысы - денсаулық, амандық. Бірақ, әр әйелдің ішкі сезімін рахатқа бөлеп, өмірін әдемі ететін осындай дүниелер бар және оған ұмтылудың еш айыбы жоқ!" - деп жазған әнші. 

Айта кетейік, бұған дейін "Қуаныштан ұйықтай алмай жатырмыз". Ерке Есмахан жұрттан сүйінші сұрағаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жер сілкінісін алдын ала болжауға бола ма?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә