- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Анамды да жек...
"Анамды да жек көріп кеттім". 8 жасынан 15-ке толғанша өгей әкесінің ағасы зорламақ болған әйелдің оқиғасы
Заңгер, ҚҚ "Human Rights Lawyers" басшысы Ләззат Ракишева өзіне келген кезекті хатты бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Хатта 8 жасынан 15-ке толғанша өгей әкесінің ағасы тиісіп, зорламақ болған әйелдің оқиғасы жазылған.
"Ата-анам ажырасқан. 3 сыныпта анамның қолына өткеннен кейінгі өмірім ең жек көретін өмірімнің бір бөлшегі болды. Анам 2 рет тұрмысқа шықты, күйеуінің 1981 жылғы ағасы маған тиісетін. Мен 8 жасымды ештеңені түсінбейтін едім, 15 жасыма дейін тиісіп келді. Қорқатын едім, анама айтып беремін деп құшақтап, сүйіп, денемді ұстайтын әлі күнге дейін есімде. 7 сыныпта бір күні зорламақшы болды, өгей әкем мен анам жұмыста болды, інім сабақта. Ол кісі үйге келіп алатын, сол кезде қарсыластым, бірақ өз дегенінен қайтпады, менің күшім жетпеді. Қанша қарсыластым, бір сәтте тұрды да кетіп қалды, құтылғаныма қатты қуандым. Біршама уақыттан кейін әжетханага барсам, іш киімімдегі қызыл дақтың не екенін түсінбедім, "тез жуып тастайын" дедім. Анам етеккір келгенде салқын суға жуатын "қан тез жуылады" деп, сөйтіп мен де жуып тастадым, анамнан қорықтым, ол кезде етеккір де келмейтін, сондай аңғал болғанмын. Сөйтсем "қыздық перде" деген болады екен. Оны 9 сыныпта білдім, 2-3 жыл өткеннен кейін Youtube жазып білдім, сол жағдай болғаннан кейін маған тиіспейтін болды, бірақ әлі күнге дейін ойымнан кетпейді. Өзімді жек көремін, екінші рет тұрмысқа шыққан анамды да жек көріп кеттім. 3 күн болды сол жағдайды есіме алып жылай беремін. Былтыр да сондай жайт болып сотталып кетпекші болды сол өгей әкемнің ағасы. Көршісінің қызына тиіспекші болыпты, алайда қыздың әкесі біліп қойып, арыз жазыпты, бірақ 1 миллион теңгеге адвокат жалдап, сотталмай қалды. Туысқанның бәрі "көршісі әдейі жала жапқан ғой" деп өгей әкемнің ағасын жақтады да, анам да сөйтті", - деп жазған хат авторы.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін "Бесінші қабаттан секірмек болдым". 9 жасында өгей әкесі зорламақ болған әйелдің оқиғасы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Атмосфералық қысым артериялық қысымға қалай әсер етеді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә