- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ырысбала Икрамбай ата-анасынан...
Ырысбала Икрамбай ата-анасынан айрылған қызылордалық 8 балаға баспананың кілтін табыстады
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай ата-анасынан айрылған қызылордалық 8 балаға 4 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Бұл Ырысты армияның 97 баспанасы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогердің айтуынша, балалар алдымен әкесінен, кейінірек анасынан айрылған.
"Қайырлы күн Ырысты армия!
Жеке мүддем үшін ешкімнің мазасын алу, тілге тиек етіп сөз етуге хақым жоқ мендегі уайым 8 баланың тағдыры және соның ішінде қиындау келетін қыздардың тағдыры.
Әкесі мен анасын алған екен Алла сынаққа тек көнеді, енді тағдырдан сол тағдыр жолында кездесетін адамдардан теперіш көрмесінші.
Айналайын сөз қадірін түсінетін Сыр елі бұл балалар сіздерге Алладан аманат, жетім көрсең жебей жүр дейді қазақ.
Сәл ғана демеп жіберсек ертең-ақ аяққа тұрып көшке ілесіп кетеді.
ЫРЫСТЫ АРМИЯ СЫЙҒА ТАРТҚАЛЫ ТҰРҒАН 97 БАСПАНА,97 ЖЕҢІС!
Балаларға бақ болған баспана болсын!
Жақсыны көрмекке!" - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Балаларға пәтерден бөлек, жиналған қордан 1 миллион теңге берілген.
"Анадан алтау туады,
Алтаудан біреуі абадан туады.
Абаданы таққа мінсе, қалғаны атқа мінеді.
Бұл сегіз баланың басына Алла бармақтай бақ берсінші, бірі абадан болып басқаларын сүйреп ел ішінде қиындық көрмей жетіліп кетсінші, қыздардың бағы ашылсыншы.
4 бөлмелі пәтердің кілтін табыстап, халықтың атынан 1 млн теңге керек-жарағына жібердім.
Адамның алдында Алланың алдында арым таза болсыншы деп.
Үлес қосқан әрбіріңізге Алланың нұры жаусын!
Жақсылыққа жаны құмар Ырысты армиям сіздерді алла берекесін берсін!", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін "Итке сүйек лақтырғандай". Ырысбала Икрамбай Назарбаев қорының медалінен бас тартқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Ораза кезінде тісті пастамен тазалауға бола ма?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә