Алматыда жер сілкінісіне қарамастан операция жасаған дәрігерлер Қазнетті тәнті етті

Алматыда дәрігерлер қатты жер сілкінісіне қарамастан операция жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кардиология ғылыми-зерттеу институтында хирургтар төтенше жағдайға қарамастан науқасты аман алып қалу үшін операция жасауын тоқтатпаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty Sun-Times (@almaty.suntimes)

"Өз істеріне адал ақ халатты абзал жандар аман болыңыздар!"

"Өз өмірлерін тәуекел етіп біреудің өмірі үшін күресіп жатыр"

"Рақмет сіздерге! Қәзіргі заманның батырлары сіздерсіздер!", - дейді Желі қолданушылары. 

Еске салайық, бүгін Алматыда қатты жер сілкінісі болды. Зілзала Алматыдан 31 шақырым жерде, 5 балл болған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина