- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы жер сілкінісі:...
Алматыдағы жер сілкінісі: метро жұмыс істеп тұр ма?
Алматыда сағат 11.22-де 5 балдық жер сілкінісі сезілді. Алматы қаласы Метрополитені өкілдері жолаушылар эвакуацияланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдай кезіндегі жұмыс жоспарына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдерін тексереді.
"Алматы метрополитені ТЖД жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін шамамен үш сағат көлемінде қайта іске қосылады. Қазіргі кезде метро аумағында ешқандай бұзылыс байқалған жоқ, жолаушылар сыртқа шығарылды. Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес тағы да жарияланады", - деді Метрополитен өкілдері.
ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 4 наурызда Алматы уақытымен 11.22-де (2024 жылғы 04 Наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған ТЖД мәліметінде.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.2. MPV магнитудасы - 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° С. Е. 76.96° ш. б. Тереңдігі - 10 шақырым. Алматы қаласында 5 балл болып сезілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова