- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жер сілкінді:...
Алматыда жер сілкінді: оқушылар мен студенттер сабақтан босатылды
Бүгін Алматыда 5 балл жер сілкініс болды. Осыған байланысты мектеп оқушылары мен студенттер сабақтан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, мектептер мен балабақшалар жабылмаған.
"Мектептер мен балабақшалар жабылмады. Ата-аналар қаласа, балаларын үйлеріне алып кете алады. Мектептер - азаматтарды қабылдау пункті, сондықтан ата-аналар жұмыста болса, балалар мектепте қала алады", - делінген Massaget.kz тілшісіне берген жауапта.
Ал ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері жоғарғы оқу орындарында студенттер үйлеріне және жатақханаларына жіберілгенін айтты.
"Зардап шеккен студенттер жоқ, олар эвакуацияланды. Бүгінгі сабақтар болмайтын болды. Қазір министр Саясат Нұрбектің тапсырмасымен жатақханаларға кезекшілер қойылды. Кезекшілер студенттерге жылы киім, су, тағам керек болған жағдайда толық бақылауға алады, қажет заттармен қамтамасыз етеді", - деді олар.
Сондай-ақ, ол Желіде ҚазҰУ ғимаратында жер сілкінісінен жарықтар пайда болды деген ақпаратты жоққа шығарды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қатты жер сілкінгені айтылды. Төтенше жағдай министрлігі мәліметінше, 5 балл жер сілкінісі болған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек