Алматыда қатты жер сілкінісі болды

Алматыда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

4 наурызда сағат 11:22-де Алматы қаласында жер сілкінісі болды. ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделуде. Эпицентр пен сезгіштігі туралы мәлімет нақтыланып жатыр.
Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды, полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүліну мәніне көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін, қираудың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіліп жатыр. 

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!