Министр дәрігерлер жүктемесі туралы айтып, мәлімдеме жасады

Министр дәрігерлер жүктемесі туралы айтып, мәлімдеме жасады
Фото: senate.parlam.kz

Жаңа денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қазақстандық емханалардағы жалпы тәжірибелік дәрігерлер жұмысындағы жүктеме туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау жүйесіндегі міндетіміз – медициналық қызметтің көлемін ұлғайту ғана емес, ең алдымен оның сапасын қамтамасыз ету. Біз емханалардағы жалпы тәжірибелік дәрігерлерге жүктеме көбейгенін көріп отырмыз, пациентті емдеуге аз уақыт қалады, оны өзіне тән емес функциялардан босатып, учаскелердегі дәрігерлердің еңбегін ынталандыру шарттарын қайта қарау қажет", - деді Әлназарова Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесуде.

Әлназарова министрліктің ашықтығы мен сындарлы диалогқа, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін ұсыныстар мен бастамаларға дайын екенін айтты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан