"Тілдеуге ділмар-шешенбіз". Ақбота Керімбекова қазаққа ештеңе жақпайтынын айтып қынжылды

"Тілдеуге ділмар-шешенбіз". Ақбота Керімбекова қазаққа ештеңе жақпайтынын айтып қынжылды
Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Ақбота Керімбекова қазаққа ештеңе жақпайтынын айтып қынжылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында бөлісті. 

"Қазақ қазаққа қай уақытта жағамыз? Тілдеуге, жүндеуге келгенде ділмар-шешенбіз. Өзімізде жоқ ақылды айтуға көсембіз. Қай-қайсымыз, не істесек те жақпаймыз. Алланың жер бетіндегі өмірі әйтеуір бір сынақ екенін бәріміз білеміз. Бірақ ешнәрсе жақпайды, неге? Бәріміздің баратын жеріміз бір екені ақиқат. Жақсы сөз айтуға неге қиналамыз, қазағым-ау? Жалпы, әлеуметтік желіні қарап, жүрегім ауырып, жазып отырмын… Ниетімізді, пейілімізді жөндесек, апат та, қиыншылық та болмас па еді деген ойым ғана. Атақ, даңқ, дүние, мансап - шетсіз-шексіз болып көрінгенімен, баяны, мәні жоқ ұғым ғой. Қолға ұстаса, суып түсе салатын құм секілді. Ойымша, шүкір етпегенге өмір де күліп қарай қоймас", - деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Акбота Керимбекова (@botakerim)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек