Қазақстанның бір облысында жол жабылды

Қазақстанның бір облысында жол жабылды
Фото: pixabay.com

29 ақпан сағат 22:00-дегі ахуал бойынша қолайсыз ауа райына байланысты бір облыста республикалық маңызы бар бір автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу облысында жалпы ұзындығы 100 шақырым болатын бір автожол – "Үшарал-Достық" - Көктұма ст.-Достық ст. көліктің бардық түрі үшін жабылды.

Республикалық маңызы бар автожолдарға 228 бірлік техника және 445 адам жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан