- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Микротолқынды пеште жылытқанда...
Микротолқынды пеште жылытқанда уға айналатын азық-түліктер
Сүт және тағы басқа майлы тағамдарды микротолқынды пеште жылытқан кезде уға айналуы мүмкін. Бұл туралы диетолог, медицина ғылымдарының кандидаты Римма Мойсенко мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Микротолқынды пеш - бұл молекулаларға әсер ететін және майлардың химиялық құрылымын өзгерте алатын микротолқындармен жылыту. Бұл жағдайда табиғи майлар транс майларға айналуы мүмкін (қанықпаған майлардың зиян түрі)", - деді сарапшы Sputnik радиосына берген сұхбатында.
Сонымен қатар, дәрігер бұл сүт негізіндегі балалар тағамына да қатысты екенін жеткізді.
Дәрігердің айтуынша, фаст-фудты жылытып жеген кезде денсаулыққа ерекше қауіп төнеді. Өйткені фаст-фуд микротолқынды пеште қыздырылған кезде құрамындағы табиғи майлар транс майларға, ал егер өнімде бастапқыда транс майлар болса, олар уға айналады.
Ал нан мен жарманы жылытуға болады, тек ол үшін құрамында май болуы шарт. Бұдан бөлек, микротолқынды пеште жылытуға болмайтын тағам мен азық-түлікті электр немесе газ плитасында қыздыруға болады. Алайда, диетолог кез келген өнімді бір рет қана жылытуға болатынын ескертті. Тіпті суды да бір рет қана қайта қайнатуға болады.
Айта кетейік, бұған дейін микротолқынды пеште қандай ыдысты қолдануға болатыны хабарланған болатын.
- Фарфор;
- Әйнек;
- Керамика, қыш ыдыстар;
- Пластмасса ;
- Қағаз не картоннан жасалынған ыдыс;
- Пергамент қағазы;
- Микротолқынды пешке арналған қаңылтыр;
- Ағаш ыдысы;
- Металл ыдыс.
Тағы да оқи отырыңыздар: Салыстырмалы молекулалық масса деген не?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә