Оралда көліктен 600-ге жуық ақбөкеннің мүйізі табылды

Оралда көліктен 600-ге жуық ақбөкеннің мүйізі табылды
Фото: Polisia.kz

Оралда полицейлер көліктен 600-ге жуық ақбөкеннің мүйізін тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицейлер "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында көлікті тоқтатқан.

Тізгінде Атырау облысының тұрғыны болған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында шетелдіктен құны 2 миллиард теңге болатын ақбөкен мүйіздері тәркіленгені хабарланды.

22 желтоқсанда Екатеринбург - Алматы республикалық автожолында Қостанай қаласынан шыға берісте, Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғыштан 29 жастағы жолаушыға, яғни көрші шетел азаматына тиесілі үш жол сөмкесі табылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова