"Тағдырға қарсы келе алмаймыз". Асқар Жүнісбеков 10 жыл бұрын дүниеден өткен қызын еске алды

"Тағдырға қарсы келе алмаймыз". Асқар Жүнісбеков 10 жыл бұрын дүниеден өткен қызын еске алды
Фото: Видео кадры

Танымал әнші Асқар Жүнісбеков 10 жыл бұрын дүниеден өткен қызын еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "1001 түн" бағдарламасында бөлісті. Әншінің жары - стоматолог дәрігер. Оқуын жақында аяқтаған. Әнші тұңғыш қызы туралы айтты. 

"Есімін Әйгерім қойдық. Ол қыз шетінеп қалды. Дүниеге 6 айында ертерек келді. Тағдыр. Үлкен сынақ болды. Тағдырға қарсы келе алмаймыз. Сынақ жай берілмейді ғой. Оның артында үлкен жақсылықты дайындап қойды деп қабылдаймыз", - дейді өнер иесі. 

Әнші сахнадан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді.

"Жаңа әндер жазылып жатыр. Мен көп сұхбат бере бермеймін. Бала кезден назарда жүре бергім келмейді. Несібемді жан-жақтан тауып жатырмын. Той мен концерттерге шығып жүрмін", - деді ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек