Астана тұрғыны жол тазалап жүрген кісіге шабуыл жасаған: видео

Астана тұрғыны жол тазалап жүрген кісіге шабуыл жасаған: видео
Фото: видеодан алынған кадр

Желіде ер адамның жол тазалап жүрген қызметкерге шабуыл жасаған видеосы тарап жатыр. Instagram-дағы жазба авторы бұл Астанадағы Әзірбаев көшесінде болғанын айтып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан жол жиегіне тоқтаған көлік жүргізушісі болуы мүмкін ер адамның жұмысшыға бірдеңе ескерту жасап жатқанын көруге болады. Ал жұмысшы одан жылдам қашуға тырысқанымен, ер адам оны көшенің басқа жағынан қуып жетеді. Ол жұмысшыны дөрекілік көрсетіп, жұлқылайды да, тізерлеп отырғызады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АСТАНА | ЖАЛОБЫ | ОТЗЫВЫ ???️ (@zhaloby.astana)

Астана полициясы оқиғаға қатысты түсінік берді, бірақ олар да жанжалдың себебін ашып айтпады.

"Әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында жүргізуші мен жұмысшы арасындағы жанжалдың видеосы анықталды. Полиция қызметкерлері төбелескендердің кім екенін анықтады. Осы факті бойынша жұмысшыдан шара қолданбағаны туралы арыз түсті. Профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп хабарлады Астана полиция департаменті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан