Намаз уақыты өзгереді: ҚМДБ мәлімдеме жасады

Намаз уақыты өзгереді: ҚМДБ мәлімдеме жасады
Фото: pixabay.com

2024 жылғы 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжиды. Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-сағаттық белдеуде орналасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы намаз уақытына қатысты мәлімдеме жасады.

"29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автомат түрде өзгереді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады. Ал жұма намазына қатысты мәлімет төмендегі кестеде көрсетілді", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан