Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусин Лондонда жүр – БАҚ

Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусин Лондонда жүр – БАҚ
Фото: azh.kz

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусин Лондондағы Burberry люкс киім дүкенінің алдында фотоға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, Бергей Рысқалиев 2012 жылы бауыры, Мәжілістің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқалимен бірге елден қашып кеткен еді.

Бұған дейін Бас прокуратура Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның бауырының ісі туралы айтқан болатын. Спикердің айтуынша, Рысқалиев Атырау облысының әкімі болған алғашқы күннен-ақ тұтас қылмыстық қоғамдастық құрып, мемлекетке ондаған миллиард теңге залал келтірген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан