Қалада автобуспен жүрмеймін - астана әкімі Жеңіс Қасымбек

Қалада автобуспен жүрмеймін - астана әкімі Жеңіс Қасымбек
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек айтты автобуспен жүрмейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен қалада қоғамдық көлікпен жүрмеймін. Себебі, жұмыс көп. Бірақ аптасына бірнеше рет қызметтік автобуске басқарма басшыларымен яғни 15-20 әріптесіммен отырып, қаланы үнемі аралаймыз. Журналистерді де шақыра аламыз", - деді Жеңіс Қасымбек Сарыарқа ауданында өтіп жатқан кездесуде.

Жиында журналист "Елордада автобустар кешігіп келеді. Бұл халықтың ашуын келтіреді. Неге жолақысы қымбаттағалы жатыр?" деп сұрағын нақтылады.

Бұған дейін Астанада жолақысы 90 теңгеден 110 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін екені хабарланған.

"Сізге нақты аргументтер келтірейін. Былтыр қала тұрғындарына қоғамдық көліктердің санын арттырамыз деп сөз бергемін. Өткен жылы тәулігіне 900 автобус рейске шықты. Қазір олардың саны 1300-ге жетті. Біз автобустардың санын 40 пайызғы өсірдік.

Биыл тағы 300 автобус жолға шығады. Жалпы 1,5 млн халқы бар қалада автобустардың саны 2 мыңнан асуы керек. Сондықтан біз қала бюджетінің мүмкіндігіне қарай мәселені шешіп жатырмыз. Мұнда Үкімет пен Өндірісті дамыту қорына алғыс айтамыз. Олар жеңілдетілген несие беріп, біз отандық автобустарды сатып аламыз", - деді қала әкімі.

Жеңіс Қасымбек жолақысы неге өскелі жатқанын түсіндірді.

"Қазір жолақы – 90 теңге. Тариф 2014 жылы бекітілген. 10 жыл өтті ғой. Осы уақытта бензин бен газдың бағасы, жүргізушілердің жолақысы да артты. 14 жыл бұрын жүргізушілердің жалақысы қанша болғанын білесіз бе? Қазір олардың жалақысы – 500-600 мың теңге. Бізде жүргізушілер жетіспей жатыр. Осы жалақыға кәсіби жүргізушілерді толық көлемде жұмысқа ала алмай отырмыз. Жарты жылда жергілікті бюджет есебінен жүргізушілердің жалақысын көтеріп, біз жағдайды түбегейлі өзгерттік. (Жүргізуші) жетіспеушілігін айтарлықтай азайттық", - деді ол.

Қала әкімі жолаушылар тасымалы субсидия негізінде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

"Мысалы, тоқпен жүретін автобус болса, жолаушыны жеткізудің өзіндік құны 400 теңге болатын, ал бензин мен дизельмен жүретін автобуста жолаушыны тасымалдаудың өзіндік құны – 250-400 теңге. Демек, әрбір жолаушыны тасымалдаған үшін Үкімет яғни әкімдік 400 теңгеге субсидия бөліп отыр. Біз (жолаушы тасымалына) қолдау көрсете береміз.... Біз ақылға қонымды бағаны қоямыз... (Тарифті) 110 теңге көтеру бүгін емес, 7-10 жыл іске асатын дүние болатын. Тариф осыдан 10 жыл бұрын бекітілген. Ол өзекті емес. Жолаушы тасымалдау құны 3 есе төмен. Сондықтан біз осындай шара қабылдауға мәжбүрміз. Бізді жағдайды білетін адамдар түсінеді деп ойлаймын", - деп сөзін түйіндеді Жеңіс Қасымбек.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz