2 наурыздан бастап блогерлер желідегі жарнаманы таңбалауға міндеттеледі

2 наурыздан бастап блогерлер желідегі жарнаманы таңбалауға міндеттеледі
Фото: Tengrinews.kz

Осы жылдың 2 наурызынан бастап инфлюенсерлер (блогерлер) коммерциялық немесе шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнаманы таңбалауға тиіс. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Былтыр 10 шілдеде Мемлекет басшысы "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңға қол қойды. Заң жобасы Қазақстанда қауіпсіз онлайн орта құруға бағытталған. Құжаттағы көрсетілген негізгі құқықтық тетіктердің бірі – желідегі жарнаманы таңбалау міндеттемесі. Біз зерттеген халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жетекші елдер онлайн-жарнаманың маңызды рөлін және оны онлайн-платформаларда көрсету тетіктеріне ерекше назар аударады. Сонымен қатар онлайн-жарнаманың ашықтығын арттыруға бағытталған талаптарды көздейді", - деп жазылған жазбада.

Осы ретте "Әділет" порталында желідегі жарнаманы таңбалау ережелерін белгілейтін бұйрық жарияланды. Ол ереже 2 наурыздан бастап күшіне енеді.
"Ережелер бизнеске әсер ету үшін оң бағаланғанын және толығымен Қазақстанның онлайн сегментінде кең таралған қазіргі тәжірибеге негізделгенін атап өту қажет. Осы ережелерді қалыптастыру кезінде коммерциялық негізде орналастырылған контентті өз бетінше белгілейтін медиа-субъектілер тәжірибесіне сүйендік. Біз өз кезегімізде осы трендті Қазақстан Республикасының бүкіл интернет кеңістігіне тарату жөн деп есептейміз", - деп жазды Аида Балаева.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина