Жетісу облысында екі көлік аударылып, екі адам қаза тапты

Жетісу облысында екі көлік аударылып, екі адам қаза тапты
Фото: Polisia.kz

Жетісуда жол апатынан екі адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 211 шақырымында жол апаты болды.
Toyota Camry жүргізушісі, рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол бергені алдын ала анықталды.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екеуі түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды.

Бұл дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина