Алматылықтар жер сілкінісін сезді

Алматылықтар жер сілкінісін сезді
Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматылықтар жер сілкінісін сезді. Қалада 3 балл жер сілкінісі болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

25 ақпанда сейсмикалық станцияларда сағат 10:14-те Алматыда жер сілкінісі тіркелген. 

Жер сілкінісі Алматыдан 261 шақырым жерде, Қытай аумағында болған. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.3.
MPV магнитудасы 5.9.
Эпицентрдің координаттары 414.10° С. Е. 78.32° ш. б.
Тереңдігі 10 км.
Анықталғандығы туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматыда 3 балл.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина